Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО әкімінің орынбасары болып Айтмұхамбетов Қалияр тағайындалды

Айтмұхамбетов Қалияр, БҚО әкімінің орынбасары Сурет: gov.kz
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Батыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімінің орынбасары болып Айтмұхамбетов Қалияр Шадиярұлы тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Айтмұхамбетов Қалияр Шадиярұлы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, ветеринария мәселелеріне жетекшілік ететін болады", деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Айтмұхамбетов Қалияр Шадиярұлы – 1969 жылы туған.

Ол Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы университетін және Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін "ғалым агроном", "заң ғылымдарының бакалавры" мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1986 жылы Шыңғырлау ауданы Қызылкөл совхозында жұмысшы болып бастаған.

Әр жылдары:

  • Шыңғырлау ауданы Қызылкөл совхозы директорының жастармен жұмыс жөніндегі орынбасары, №2 Шоқтыбай бөлімшесінің агрономы;
  • ​Шыңғырлау ауданы әкімі аппараты ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы;
  • Шыңғырлау ауданы жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы;
  • Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары;
  • Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.

Бүгінгі күнге дейін Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі болып қызмет етті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз