Жаңалықтар тізбегі
0

Батыс Қазақстан облысында әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2023 10:34 Сурет: Instagram/batys_kz
Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімімен және Батыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Каюпов Тілепберген Ерсайұлы облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Каюпов Тілепберген Ерсайұлы 1976 жылы туған. Білімі – жоғары. 1997 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы университетін "бухгалтер-қаржыгер" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек өтілі:

  • Казталов аудандық салық комитетінің инспекторы, Казталов аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы;
  • ​Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының бөлім басшысы, басшының орынбасары;
  • Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары;
  • ​Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары;
  • Батыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы;
  • Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
  • Бүгінгі күнге дейін Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасының басшысы болып қызмет етті.

Тілепберген Каюпов стратегия және экономикалық даму, қаржы, мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, еңбек инспекциясы, құрылыс, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: