Үлескерлерден ақша тартуға рұқсаты жоқ елордалық құрылыс компанияларының тізімі
Көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде қолданыстағы заңнаманы айналып өтіп жасалған барлық мәмілелер (алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты) жарамсыз болып саналады.Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі өз қаражатыңызға сақ болуды сұрайды және рұқсат құжаттары болмаған жағдайда тұрғын үй сатып алмаған жөн. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
«Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға тыйым салынады, бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделген.
Барлық сұрақтар бойынша Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9 мекенжайында орналасқан «Нұр-Сұлтан қаласы Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ-ге жүгінуіңіз қажет.
Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаты жоқ құрылыс салушылардың тізімімен мына арадан таныса аласыздар.