Қазақстанда үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру ережесі өзгереді
Ережеге бірнеше түзетулер енгізілді.
"Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары көрсетеді.
Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері және көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және Бірыңғай байланыс-орталығына және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына жібереді.
Уәкілетті компания мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Көрсетілетін қызметті берушіге ақпараттандыру объектісі – www.qazreestr.kz жүйеcі арқылы өтінім жібереді.
Мемлекеттік қызметті алу үшін өтінім жіберген кезде Көрсетілетін қызметті алушы Жүйеге мынадай мәліметтер мен құжаттаманы (электрондық көшірмелерін) енгізеді:
екінші деңгейдегі банктің жобасына қатысу тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру кезінде:
- көппәтерлі тұрғын үйдің құрылыс объектісі туралы мәліметтер (құрылыс объектісінің атауы, орналасқан жері, квартирограммасы және техникалық сипаттамалары);
- көппәтерлі тұрғын үйлердің іске асырылған құрылыс объектілерінің, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде жиынтығында 2 (екі) жылдан кем емес, Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада жалпы ауданы кемінде 10 000 (он мың) шаршы метр құрылыс кезінде және өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктерде құрылыс кезінде кемінде 5 000 (бес мың) шаршы метр тәжірибесін растайтын объектіні пайдалануға қабылдау актісі;
- жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар;
- ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысымен көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы;
- (бар болса) құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талон;
- екінші деңгейдегі банктің көппәтерлі тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға дайындығы туралы шешімі (екінші деңгейдегі банкпен кредиттік желі ашу туралы шарт);
- екінші деңгейдегі банктің инжинирингтік компаниямен ақылы қызметтер көрсету шарты.
көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасын тұрғызғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру кезінде:
- көппәтерлі тұрғын үйдің құрылыс объектісі туралы мәліметтер (құрылыс объектісінің атауы, орналасқан жері, квартирограммасы және техникалық сипаттамалары);
- іске асырылған объектілердің, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде соңғы 3 (үш) жыл ішінде (актілері), жиынтығында Республикалық маңызы бар қалалардағы, астанада құрылыс кезінде 30 000 (отыз мың) шаршы метр және өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыс кезінде кемінде 18 000 (он сегіз мың) шаршы метр Қазақстан Республикасының аумағында жалпы ауданы кемінде 30 000 көппәтерлі тұрғын үй салу және пайдалануға беру тәжірибесін растайтын объектіні пайдалануға қабылдау актісі. Бұл ретте құрылыс салушының еншілес ұйымдарының жиынтық тәжірибесі ескеріледі;
- жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар;
- ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысымен көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы;
- құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талон;
- инжинирингтік компанияның көппәтерлі тұрғын үй қаңқасының аяқталған құрылысының бар екендігі туралы есебі;
- Көрсетілетін қызметті алушының инжинирингтік компаниямен шарты.
Жүйе өтінімді ол жөнелтілген күні тіркеуді жүзеге асырады.
Өтінім Жүйеге жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінімді тіркеу Жүйеде келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші өтінім мен ұсынылған құжаттар тіркелген сәттен бастап олардың толықтығын тексереді және Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Көрсетілетін қызметті алушыға өтінімді одан әрі қараудан бас тарту туралы уәжді жауапты Жүйедегі көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне Жүйе арқылы жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттары бар өтінімді қарау нәтижелері бойынша оған қол қояды, ал Жүйе мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес үлескерлердің ақшасын тартуға арналған рұқсатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемені көрсете отырып, үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беруден бас тарту туралы уәжді жауапты Жүйедегі Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне автоматты түрде қалыптастырады және жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
- мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардың құрамындағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі белгіленген жағдайда;
- құрылыс салушының және (немесе) Көрсетілетін қызметті алушының Заңның 9-бабының 1 және 3-тармақтарында және 10-бабының 1 және 3-тармақтарында белгіленген бір немесе бірнеше талаптарға сәйкес келмеуі;
- Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметпен немесе қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
- Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болып, соның негізінде Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.
Көрсетілетін қызметті алушы уәжді бас тартуда көрсетілген ескертулер жойылғаннан кейін Жүйе арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін қайта өтінім береді.
Көппәтерлі тұрғын үй құрылысы объектісі туралы мәліметтерге өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда Көрсетілетін қызметті алушы Жүйе арқылы үлескерлердің ақшасын тартуға түзетілген рұқсатты алуға өтінім жібереді.
Үлескерлердің ақшасын тартуға түзетілген рұқсат алуға өтінім жіберген кезде Көрсетілетін қызметті алушы көппәтерлі тұрғын үйдің құрылыс объектісі туралы мәліметтерге өзгерістер енгізеді және растайтын құжаттарды қоса береді.
Үлескерлердің ақшасын тартуға түзетілген рұқсат беру рәсімі мен мерзімдерін Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету рәсіміне ұқсас жүзеге асырады.
Құжат 13 тамызға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.