Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру ережесі жаңартылды

Стройка, строительство, строительство жилья, строительство дома, строительство домов, строительный объект, строительные работы, строители, рабочие, строитель, рабочий, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2026 13:07 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Өнеркәсіп және құрылыс министрі 2026 жылғы 18 мамырдағы бұйрықпен жаңа редакцияда үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру ережесін бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін кызметті (мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Заңды тұлғалар – құрылыс салушы және уәкілетті компания мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "цифрлық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz және/ немесе цифрлық объектісі – www.qazreestr.kz жүйесі арқылы көзделген құжаттарды қоса бере отырып, өтінімді жібереді.

Қандай құжаттар қажет болады:

Екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысу тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру кезінде:

  • көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтінім;
  • көп пәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені туралы мәліметтер (атауы, орналасқан жері, пәтер бағдарламасы және техникалық сипаттамалары);
  • құрылыс салушының республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыста жалпы алаңы кемінде он мың шаршы метр және өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыста кемінде бес мың шаршы метр көппәтерлі тұрғын үйлер және (немесе) жеке тұрғын үйлер кешеніндегі құрылысының объектілерін өткізу, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде жиынтығында кемінде екі жыл тәжірибесін растайтын объектіні пайдалануға қабылдау актісінің (-лерінің) электрондық көшірмесі (мемлекеттік цифрлық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда);
  • мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен тиесілі жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі (мемлекеттік цифрлық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда);
  • ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысымен көппәтерлі тұрғын үй және (немесе) жеке тұрғын үйлер кешеніндегі құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасының электрондық көшірмесі;
  • екінші деңгейдегі банк пен уәкілетті компания арасында жасалған банктік қарыздың кредиттік шартының электрондық көшірмесі;;
  • аяқталмаған құрылыс құнын шегергендегі ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы бар, көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасында көзделген сомаға несие берешегінің болуы туралы анықтамасының электрондық көшірмесі.

Көп пәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру кезінде:

  • көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтінім;
  • көп пәтерлі тұрғын үй туралы мәліметтер (атауы, орналасқан жері, пәтер бағдарламасы және техникалық сипаттамалары);
  • салынған объектілердің тәжірибесін растайтын объектіні пайдалануға қабылдау соңғы үш жыл бойы, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыс кезінде жиынтығында жалпы алаңы кемінде отыз алты мың шаршы метр және өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыс кезінде кемінде он сегіз мың шаршы метр көппәтерлі тұрғын үйлерді Қазақстан Республикасының аумағында салуға және объектіні пайдалануға қабылдау актісінің электрондық көшірмесі. Бұл ретте, құрылыс салушының еншілес ұйымдарының жиынтық тәжірибесі есепке алынады (мемлекеттік цифрық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда);
  • мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен тиесілі жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі (мемлекеттік цифрлық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда);
  • ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысымен көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасының электрондық көшірмесі;
  • көппәтерлі тұрғын үй қаңқасының аяқталған құрылысының болуы туралы инжинирингтік компания есебінің электрондық көшірмесі;
  • инжинирингтік компаниямен шарттың электрондық көшірмесі.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама құжаты туралы мәліметтерді Көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйеден алады.

Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінімнің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

Жүйе өтінімді тіркеуді олар түскен күні жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

Көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен ұсынылған құжаттар тіркелген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді, көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту дайындап, портал және/ немесе жүйе арқылы арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

Сонымен қатар, қағидалар көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін айқындайды.

Бұйрық 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: