Шымкент барлық сала бойынша оң динамикалық көрсеткішке ие
Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
2022 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы әлеуметтік-даму қорытындысына сәйкес, Шымкент қаласында барлық сала бойынша оң динамика байқалды.
Атап айтқанда:
Өнеркәсіп өнім көлемі 583,2 млрд.теңге жетіп, нақты көлем индексі 107,1 пайызды құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі – 108,7 пайыз болып отыр.
Инвестиция көлемі 276,2 млрд.теңге болып, 31,1 пайызға артты. Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен 68,9 млрд.теңге, жеке көздерден 207,3 млрд.теңге.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 91,7 млрд.теңге немесе 118,5 пайызды құрады.
Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 426,8 мың шаршы метр немесе 123,0 пайыз болды.
Жалпы сауда көлемі 1 140,1 млрд.теңге болып, нақты көлем индексі 11,4 пайызға артты. Оның ішінде, бөлшек сауда 355,4 млрд.теңге, нақты көлем индексі 112,4 пайыз, көтерме сауда 777,1 млрд. теңге, 110,7 пайыз.
Байланыс қызметі 5 427,6 млн. теңгені немесе 4,5 пайызға артты.
Цифрландыру бағытында да көрсеткіш жоғары. Шымкент қаласы бұл бойынша республикада Нұр-Сұлтан, Алматыдан кейінгі үшінші орында. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі



