Шымқалада "Халық қатысатын бюджет" жобасы нәтиже беруде

Тұрғындармен кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2022 22:36 Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Шымкентте «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында тұрғындар ұсынысымен өткен жылы 41 көпқабатты үй ауласы абаттандырылып, ойын алаңшалары құрылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл ІІ кезеңмен 73 көпқабатты және жеке сектор бойынша 6 мекенжай абаттандырылып, балалар ойын алаңшасы тұрғызылуда.

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жобаға енген "Базарқақпа" тұрғын алабы, Ю.Сареми көшесінде орналасқан 7 көпқабатты үйдің ауласындағы жұмыстар барысымен танысуға М.Әйтенов арнайы барып, тұрғындармен кездесті.

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Абаттандыру жұмыстарымен қоса балалар ойын және тренажер алаңшасы салынатын аула жұмыстары қараша айының соңына дейін толық аяқталатын болады.

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: