Алматыда «Қолжетімді спорт» жобасы іске қосылды

спорт, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2022 18:53 Сурет: pexels
Енді қала тұрғындары спортпен тегін айналыса алады. «Қолжетімді спорт» жобасы былтыр Нұр-сұлтанда сынақтан өткен еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биылдан бастап жобаға 7 қаланың, атап айтқанда Алматы, Нұр-сұлтан, Шымкент, Ақтау, Семей, Петропавл және Талдықорған тұрғындары қосылады.

Спорттың мына түрлері қолжетімді:

  • Скандинавиялық жүріс;

  • Жүгіру;

  • Каратэ;

  • Үстел теннисі;

  • Фитнес.

Қалаларда спорттың әр түрі бойынша 2-ден 6-ға дейін орын іріктелді. Сабақтың ұзақтығы-1,5 сағат.

18 жастан бастап спорт түрлерімен, ал каратэ мен жүгіруді 7 жастан бастап айналысуға болады.

Мамыр айынан бастап Алматы, Ақтау, Шымкент, Талдықорғанда фитнес пен каратэ таза ауада, саябақтарда өтеді.

Сабақ кестелері, анонстар Instagram-да жарияланады: @dostupnyi_sportkz.

Секцияға 9.00-ден 21.00-ге дейін мына телефон арқылы жазылуға болады: +7 707 618 43 43.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: