Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда әлеуметтік қызметтер көрсететін бірыңғай орталық құрылады

instagram.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2021 20:58 instagram.com
Енді қала тұрғындары "бір терезе" қағидаты бойынша 42 мемлекеттік және 7 мемлекеттік емес қызмет түрін ала алады.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Достық даңғылының бойында орналасқан ғимараттың жөндеу жұмыстарымен танысты. Мұнда әлеуметтік қызметтер үйі ашылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында жазды.

Енді қала тұрғындары "бір терезе" қағидаты бойынша 42 мемлекеттік және 7 мемлекеттік емес қызмет түрін ала алады.

Әлеуметтік қызметтер үйінің бірінші қабатында әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй саясаты басқармасы, халықты жұмыспен қамту орталығы, Азаматтарға арналған мемлекеттік корпорация, көші-қон полициясы, БЖЗҚ, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры мен медициналық-әлеуметтік сараптама мамандарының қызметіне жүгіне алады. Жоғарғы қабаттарда бейінді басқармалар орналасады.

"Өзімізде өндірілген сапасы жоғары әрлеу материалы мен интерьер заттарын пайдалану қажеттігіне мән бердім. Осылайша Алматыда тұрғындардың әлеуметтік қызметтердің барлық спектріне қол жеткізе алатын жайлы бірыңғай орталық құрылады", - деп жазды Сағынтаев желіде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: