Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы ашылды

astana.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2019 23:17 astana.gov.kz
Орталық қала тұрғындарына "бір терезе" қағидасы бойынша 70-тен астам мемлекеттік қызмет көрсетеді.

ҚР вице-премьері Б. Сапарбаев пен Елорда әкімі А. Көлгінов жаңа "ЖАНҰЯ" атты отбасы институтын қолдау орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына сілтеме жасап..

Орталық қала тұрғындарына "бір терезе" қағидасы бойынша 70-тен астам мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Тұрғындар аталмыш орталықта АӘК алу, білім алу, жұмысқа орналасу, өз ісін ашу, балаларды кезекке қою, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу және т. б. сұрақтарға жауап ала алады. ҚР Вице-премьері Б. Сапарбаев мемлекеттік органдар халыққа, еліміздегі отбасыларға қызмет етулері керек екендігін және де халық көмекті бір жерде алу керек деп атап өтті.

"Нұр-сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов демеушілер мен кәсіпкерлерді тартып, орталықты 100 млн теңгеге жөндеп, қажетті құрал-жабдықтарды сатып алды", - деді Б. Сапарбаев.

Сондай-ақ, осындай орталықтарды еліміздің өңірлерінде де ашу қажет екенін атап өтті.

"Біз әкімдікте басқарма басшылары мен аудан әкімдерінің қатысуымен өткізілетін азаматтарды қабылдау жүргізудеміз. Тұрғындарды қабылдау жүйелі түрде өтіп тұрады. Екі айда мен жеке өзім 300-ден астам адамды қабылдадым. Тұрғындар бізден кез-келген күні келіп, толғандыратын сұрақтарға жауап ала алатын орталық ашуды сұрады. Көптеген адамдар бізге жұмысқа орналасу және білім алу мәселелерімен жүгінеді. Мәселен, қосымша білім алу үшін қандай курстардан өту керек, "Бақытты отбасы" тұрғын үй бағдарламасына қалай қатысуға болатындығы туралы жиі сұрақтар қояды. Осы орталықта да азаматтарды жеке қабылдайтын боламын", - деді А. Көлгінов.

Мемлекеттік қызмет көрсету орталығында 30-ға жуық маман жұмыс істейді, сондай-ақ психологтар мен медиаторлар бар. Мекемеде барлық жағдай жасалған: ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған лифтілер бар, балалар үшін арнайы ойын аймағы ашылған, орталық қызметкерлері балаларға қарайды. Мамандар өз ісін ашуға көмек көрсетеді, кәсіпкерлер мотивациялық бизнес-тренингтер өткізеді.

Сонымен қатар, орталық базасында қала әкімінің ашық қоғамдық қабылдауы жұмыс істейді. Сондай-ақ аудан әкімдері, басқармалар мен басқа да ұйымдардың басшылары кестеге сәйкес азаматтарды қабылдайды. Орталық сағат 9.00-дан 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: