Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында "Халықтық заңгер" науқаны өтуде

Арайлым Тастемір, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2020 15:17 Арайлым Тастемір
Ауыл тұрғындары енді тегін құқықтық кеңес алу үшін тәжірибелі маман кеңесіне жүгіне алады.

Халық – мемлекеттің негізі, әрі биліктің қайнар көзі. Ел азаматтарының құқық саласындағы сауаттылық деңгейін арттыру – ел тұрақтылығы мен тыныштығының негізгі кепілі. Осыған орай, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен Кентау қаласына қарасты Шорнақ ауылдық округінде "Халық заңгері" науқаны өткізілді.

Тегін заңдық көмек көрсетуге бағытталған құқықтық кеңес барысында білім, денсаулық, еңбек, әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы мен жер салалары бойынша білікті мамандар заң аясында ашық түрде кеңестерін беріп, аталмыш ауыл тұрғындарының түйткілді сұрақтарына құлақ түрді.

Жалпы саны 100-ге жуық адамды қамтыған игі науқанның негізгі ерекшелігі – аудан-қалалардан қашық орналасқан елді-мекендердің тұрғындарына құқық тұрғысынан қажетті ақпараттармен ой бөлісу, әрі оларды алаңдатқан заң саласындағы мәселелер бойынша нақты кеңес беру болды.

Азаматтарға тегін құқықтық қолдау танытқан тәжірибелі мамандардың кеңесіне халықтың басым көпшілігі атаулы әлеуметтік көмекті алу, жер телімдеріне қажетті құжаттарды рәсімдеу, денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын-үй мәселелері бойынша жүгініп, толғандырған сұрақтарына толық жауап алды.

Айта кетсек, "Халықтық заңгер" науқаны қарапайым қазақстандықтар үшін тиімді және дәстүрлі жобаға айналып отыр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2020 15:17

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: