Алматыда ашық аспан астында шет тілдерді тегін оқыту жобасы іске қосылады
Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
"Тілдер саябағы" қалалық әлеуметтік жобасына қатысушылар шет тілдерін тегін оқи алады. Сабақтар қала саябақтарында бейресми жағдайда өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жас санаты — 6 жастан 60 жасқа дейін. Курстар бір ай бойы аптасына 3 рет өтеді. Таңдау көп: 15 шет тілі бар.
Оқу аяқталған соң барлық белсенді қатысушыға сертификат беріледі. Осы маусымда 5 мыңнан астам қала тұрғыны білім алады деп жоспарланған. Шет тілдерінен басқа саябақтарда қазақ тілі сабақтары өтеді.
Жобаны Алматы әкімдігі, жобалық кеңсе аясында аудан әкімдіктерімен, белсенділермен және еріктілермен бірлесіп ұйымдастырды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
