Жыл басынан бері Жамбыл облысында 385,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Басқасудың күн тәртібіндегі мәселеден бұрын облыс әкімі күзгі тазалық айлығының өту барысы, қоқыстардың шығарылуына қатысты кемшіліктерді слайд арқылы көрсетіп, жауаптылардың жұмысын сынға алды.
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Тазалық – бәрінен маңызды. Айналамызды, қоршаған ортаны таза ұстауға баршамыз атсалысуға тиіспіз. Әрбір тұрғын жауапкершілікті сезінуге тиіс,-деді Нұржан Нұржігітов.
Бұдан соң экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова баяндама жасап, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының ағымдағы жылғы қаңтар-тамыз айларының қорытындысы және тоғыз ай бойынша болжамды көрсеткіштерге тоқталды.
Есепті кезеңде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 111,4 пайыз деңгейінде қалыптасты. Ауыл шаруашылығында 245,5 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 1,7 пайызға айналды.Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова
Сондай-ақ, 236,5 миллиард теңге инвестиция тартылып, өткен жылмен салыстырғанда 1 пайызға төмендеген. 102,7 миллиард теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 12,8 пайызға артқан десек, бұл тұрғыда 385,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, көлемі 3,4 пайызға өскен,-деді басқарма басшысы.
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Аймақ басшысы тиісті индикаторға қол жеткізе алмаған аудан әкімдері мен басқарма басшыларынан жеке-жеке жауаптар алып, жұмыстарын сынады.
Облыс әкімі инвестиция тарту ісіне немқұрайлы қарауға болмайтынын, ол үшін қолда бар әлеуетті барынша пайдалану, үйлестіру шараларын күшейту керектігін атап өтті. Барлық жоспарлы көрсеткіштер тоғыз айдың қорытындысымен 100 пайыз орындалу қажеттігін ескерткен Нұржан Нұржігітов жиын қорытындысымен жауаптыларға нақты тапсырмалар мен міндеттер жүктеді.
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі