3 айда Қазақстанда 4,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Барлық өңірлерде оң өсу тіркелді, әсіресе құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең көп өсуі Абай, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында байқалды.
"Биыл қаңтар-сәуірде 4,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 19,9% жоғары. Тұрғын үйді пайдалануға берудің ең жоғары көрсеткіштері Алматы, Шымкент және Астана қалаларында, Алматы облысында байқалды", - деді министр.
Экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдарға мына шараларға назар аудару ұсынылады:
1. Инфляцияға қарсы ден қою шараларын тиісті деңгейде іске асыру және отандық азық-түлік тауарларын өндірушілерге қолдау шараларын көрсету;
2. Салынып жатқан нысандарды уақытылы пайдалануға беру бойынша бақылауды қамтамасыз ете отырып, құрылыс жұмыстары маусымын тиімді жүргізу;
3. Инвесторларды тарту және сүйемелдеу бойынша нақты жұмысты барлық деңгейлерде жандандыру;
4. Экспорттаушылардың жаңа нарықтарға шығуын қолдау, экспорттау бағыттарының баламалы жолдарын қалыптастыру;
5. Бизнес өкілдерін кешенді қолдау және олар үшін қолайлы жағдайлар жасауды қамтамасыз ету.