Жаңалықтар тізбегі
0

Қаңтар-ақпанда Қазақстан экономикасы 4,3% өсті

Қаңтар-ақпанда Қазақстан экономикасы 4,3% өсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2023 10:18 Сурет: pexels
Бұл туралы үкүмет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның ішінде нақты сектордағы өсім 2,7%, ал қызмет көрсету саласындағы өсім 5% болды. Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалған. Әәсіресе құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс ең жоғары өсуді көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 19,2% болды.

Инвестициялар ағыны көлік және қоймалауда – 72,8%-ке, ауыл шаруашылығында – 33,1%-ке, жылжымайтын мүлікпен операцияларда – 12,1%-ке, сондай-ақ өнеркәсіпте – 14,1%-ке, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 12,2%-ке, өңдеу өнеркәсібінде – 7,2%-ке өсті.

"Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Ұлытау, Маңғыстау, Павлодар және Қарағанды облыстарында байқалды. Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылғы қаңтарда сыртқы сауда тауар айналымы 15,7%-ке өсіп, 10,3 млрд. долларды құрады. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 0,4%-ке өсіп, 6,1 млрд. долларға дейін жетті. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 21,5%-ке ұлғайып, 2,1 млрд. долларды құрады", - деді Әлібек Қуантыров.

Тауарлар импорты 4,2 млрд. долларға жетті. Жалпы оң сауда балансы 1,9 млрд. долларға тең. Өңдеу өнеркәсібінде оң өсу сақталып отыр. Өндіріс көлемі 2,5%-ке өсті. Көрсеткіш өсуі 16 өңірде тіркелді. Соның ішінде Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Алматы облыстары және Алматы қаласы ең жоғарғы өсуді көрсетті.

Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісінің 31,5%-ке, оның ішінде автомобиль жасаудың – 34,2%-ке, электр жабдықтарын жасаудың – 48,7%-ке өсуі қамтамасыз етілді. Сонымен қатар өсу келесі салаларда байқалып отыр: азық-түлік өндірісі – 9,6%, мұнай өңдеу өнімдері – 5,4%, химия өнеркәсібі – 3,6%, сусындар өндірісі – 22,6%, фармацевтика өндірісі – 16,7%, жеңіл өнеркәсібі – 34,3%.

Биыл қаңтар-ақпанда 2,1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,2%-ке жоғары. Тұрғын үйді пайдалануға берудің ең жоғары көрсеткіштері Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау және Атырау облыстарында байқалды.

Ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 3,9%-ке ұлғайды. Саладағы өндірістің оң өсуі 16 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсімді Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақмола және Қостанай облыстары көрсетті.

7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасындағы жалпы жағдай мынадай:

  • Барлық көрсеткіштер бойынша оң өсім 6 өңірде – Абай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Павлодар облыстарында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында байқалады.
  • 6 көрсеткіш бойынша өсім 9 өңірде тіркелді. Бұл Ақмола, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: