2024 жылы Қазақстанда 16 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Дом, жилье, недвижимость, покупка дома, покупка жилья, покупка недвижимости, аренда дома, аренда жилья, съемное жилье, съемный дом, продажа дома, продажа жилья, ипотека, ипотечная программа, ипотечное жилье, дом в ипотеку, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2024 13:09 Фото: pixabay
Үкіметте құрылыс сапасын бақылау және үлескерлердің құқықтарын қорғау мәселелері қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында құрылыс саласын дамыту мәселелері қаралды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, "Бәйтерек" холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин, "Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова баяндама жасады. Сондай-ақ бірқатар өңірдің әкімдерінің есебі тыңдалды.

10 айдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 2023 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 15,7%-ға өсті. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев 2024 жылы 18,03 млн шаршы метр тұрғын үйді енгізу жоспарланғанын айтты. Осы жылдың қаңтар-қараша айларындағы динамиканы ескере отырып, қазірдің өзінде 16 млн шаршы метр салынды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінің 107%-ын құрайды.

"Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова Үкімет басшысына "Наурыз", "Отау" және "Асыл мекен" сияқты ипотекалық бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы баяндады. Биылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 6,6 мыңнан астам адам қарыз ресімдеп, өз баспанасының иесі атанды.

Премьер-министр Олжас Бектенов құрылыс саласы Қазақстан экономикасындағы негізгі салалардың бірі саналатынын, тұрғын үй мәселелерін шешуге, инфрақұрылымды дамытуға және жұмыс орындарын құруға тікелей әсер ететінін атап өтті.

Мемлекет басшысының 2029 жылға дейін 111 млн шаршы метр жаңа тұрғын үйді іске қосу жөніндегі алға қойған міндеті шеңберінде 2023 жылы Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы өзектендірілді. Биыл Үкімет аталған секторды одан әрі ынталандыру мақсатында қосымша шараларды іске асырды. Атап айтқанда, Тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң қабылданды,жаңа жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар іске қосылып, қаржыландыру көлемі артты.

Олжас Бектенов құрылыс сапасы мен іргелес инфрақұрылымды арттырудың, бөлінген қаражатты тиімді пайдаланудың және тұрғын үйге кезекте тұрғандарды өзектендірудің маңызын атап өтті. Премьер-министр өңірлердегі тізімдерді түгендеуді жеделдетуді тапсырды және кезекте нақты мұқтаж азаматтар болуы тиіс екенін атап өтті.

Үлестік құрылыс мәселесіне ерекше назар аударылды. Кепілдіктер бермей шарттар жасасу фактілерін болдырмау мақсатында үлескерлерді қосымша қорғау үшін заңнамаға түзетулер енгізіледі.


"Көптеген құрылыс компаниялары заң талаптарын айналып өтіп, үлескерлердің қаражатын тартуды жалғастырып келеді. Олармен ешқандай кепілдік берместен шартқа отырады. Қазір Парламент Мәжілісі Үлестік құрылыс мәселелері бойынша заң жобасын әзірледі. Министрлік депутаттармен бірге үлескерлер қаражатын тарту ісіне бақылауды күшейту нормаларын сапалы пысықтауы қажет. Бұған қоса, үлестік құрылысқа қатысты шартқа отыру тетігін әзірлеуді тапсырамын. Ол азаматтарымыз үшін тәуекелдерді толығымен жоюға тиіс", — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Биылғы және 2025 жылға арналған тұрғын үй және инженерлік желілерді іске қосу жоспарларын орындау үшін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, тиісті жағдай жасау тапсырылды.

Жаңа ипотекалық бағдарламаларды және құрылыстың болжамды өсімін ескере отырып, жауапты министрлік мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, құрылыс және коммуналдық секторлар жобаларындағы отандық материалдар үлесін арттыруын қамтамасыз етсін. Сондай-ақ құрылыс материалдарын өндіру бойынша жоспарланған жобаларды 2025 жылы іске қосылуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Еңбек ресурстары орталығының деректеріне сәйкес, 2030 жылға дейін құрылыс саласына 200 мыңнан астам білікті маман қажет болады. Ғылым және жоғары білім, Оқу-ағарту, Өнеркәсіп және құрылыс, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне нарықтың сұранысын ескере отырып, осы мамандарды даярлау мәселелерін пысықтауы қажет.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: