Алматылықтар Іле Алатау баурайынан 35 тонна қоқыс жинады
Әкімдіктің баспасөз қызметі нақтылап өткендей, өз кезегінде алматылық студенттер "Eco Student KZ" республикалық жобасын қолдады.
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сенбілікке қатысушылар үшін қаладан трансферлер ұйымдастырылып, қажетті заттар мен түскі бокстар ұсынылды. Сенбілік басталғанға дейін Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары таулы жерлерде қауіпсіздік және мінез-құлық ережелері бойынша нұсқаулық өткізді.
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жаппай жинау ең танымал туристік орындарды – Көк жайлау үстіртін, Бутаковка, Казачка, Кимасар және Проходное шатқалдарын қамтыды. Сенбілікке қатысушылар барлығы 35 тонна қоқыс жинап, Медеу ауданында 250 алма, сондай-ақ 500 бұта отырғызды.
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Экологиялық сенбілік тұтынушылардың табиғатқа деген көзқарасына қарсы шыққандардың барлығын біріктіруге, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық туризмді дамыту мәселелеріне назар аударуға арналған.
Биылғы жылдың тоғыз айында Іле Алатау ұлттық паркіне 630 мыңға жуық адам келді.
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі