Алматы облысында қара сексеуіл ағашының тұқымын жинады
"2015 жылы сексеуілді отын ретінде пайдалануға мораторий жарияланғаннан бері орман қоры айтарлықтай молайды. Биыл Балқаш ауданында 6 мың гектардан аса аумаққа қара сексеуіл тұқымы себілмек. Күздің осы кезеңі тұқым жинауға өте қолайлы уақыт, — дейді мамандар. Жоспар бойынша 31 мың тонна тұқым жиналып, тазаланып, зертханаға өткізіледі. Ары қарай сапасы анықталған соң, егіледі.
"Бұл шараға орман шаруашылығының қызметкерлері, аудан жастары, аудан тұрғындары, студенттер және оқушылар қатысты. Бұл енді акцияның мәні өте зор және бұл бастаманы ары қарай жалғастырамыз деген ойдамыз." Димаш Қожабеков, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары
Акция аясында Балқаш өңірінен жалпы көлемі 24 тоннадан аса тұқым жиналған. Бұл шараға белсенді атсалысқан жастар табиғатты аялап, күтуді осындай шаралар арқылы үйренетінін айтады, деп жазады qazaqstan.tv.
"Сексеуілдің негізгі пайдасы – осы шөлейт аймақтарда желді құмнан қорғау және оның ауаға көп үлесі бар. Ол 99% таза ауаны шығарады. Және біз тұқымның қалай жиналуын, тұқымның қалай пайда болатынын білдік және оны қалай жерге егуін көріп, түсіндік." Диана Науқан, ерікті
Облыстың орманшылары бұған дейін жиде, Шренк шыршасы мен қайың ағаштарының 350 кг тұқымын жинаған. Қарой ауылында 400 гектар аумаққа қара сексеуіл тұқымын сеуіп үлгеріпті. Мамандар бұл акция табиғатты қорғауға, экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталғанын айтады.
Оқи отырыңыз