БҚО-да Достық фестивалін өткізу дәстүрге айналған
Қазіргі таңда қоғамдық келісім кеңестерінің, ақсақалдар кеңесінің, аналар кеңесінің өкілдері, этномәдени бірлестіктер мен медиаторлар тарапынан өзекті тақырыптарды талқылайтын 5 диалог алаңы ашылды. Бұдан бөлек, мектептерде «Біздің болашағымыз бірлікте», «Бейбітшілік және келісім сабақтары» тақырыбында сынып сағаттары, дөңгелек үстелдер, конференциялар өткізіледі, - деп атап өтті Медхат Қамбетов.
Бүгінгі таңда аудандар мен облыстарда азаматтық институттардың, қоғамдық, саяси және өзге де бірлестіктердің елдің қоғамдық келісімі мен ұлттық бірлігін нығайтудағы күш-жігерін шоғырландыруға арналған қоғамдық келісім кеңестері жұмыс істейді.
Сурет: БҚО Қазақстан халқы ассамблеясының баспасөз қызметі
Қала мен аудандардағы этномәдени бірлестіктер үшін концерт залы мен бөлмелері бар Достық үйлері берілген. Абай, Т. Шевченко, А. Пушкин, Г. Тоқай, М. Шолохов және басқа да көрнекті мәдениет қайраткерлері поэзиясын дәріптейтін түрлі шығармашылық байқаулар мен фестивальдер өткізіледі. Аудандар мен Орал қаласының этнобірлестіктерінің шығармашылық және көркемөнерпаздар ұжымдарын жинайтын Достық фестивальдері дәстүрге айналған.
Сурет: БҚО Қазақстан халқы ассамблеясының баспасөз қызметі
Туған тарихты, этномәдениетті және тілдерді оқу үшін орта мектептерде жексенбілік сыныптар ашылып, онда балалардың салт-дәстүрлерімен танысуға мүмкіндігі бар. Этномәдени бірлестіктердің тілек білдірген өкілдері үшін қазақ тілінің тегін курстары оқытылады.
Сурет: БҚО Қазақстан халқы ассамблеясының баспасөз қызметі
Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік және азаматтық институттардың өзара іс-қимылын жандандыру жөніндегі мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, облыс ассамблеясының, қалалық және аудандық құрылымдарының жұмыс тетіктері мен ұйымдық құрылымын жетілдіру, этносаралық бірлік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету жөніндегі азаматтық бастамаларға жәрдем көрсету мақсатында «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Биыл Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен 1500-ден астам іс-шара жоспарланған.