БҚО-да 50 азамат тұрғын үй сертификатын алды

БҚО-ның 50 тұрғыны пәтер алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2022 13:38 Сурет: БҚО өңірлік коммуникациялар қызметінен алынды
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Батыс Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Миржан Нұртазиев айтып берді.

2020 жылдан бастап облысымызда азаматтарға бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін мемлекет тарапынан тұрғын үй сертификаттарын ұсыну басталды. 2020-2021 жылдары 99 азаматқа жалпы сомасы 49 759,0 мың теңге көлемінде тұрғын үй сертификаттары берілген.

Басқарма басшысының айтуынша, бүгінгі таңда, тұрғын үй сертификатын беру үшін облыстық бюджеттен 199 500,0 мың теңге қаражат бөлініп, 50 азамат жалпы сомасы 29 989,4 мың теңгеге тұрғын үй сертификаттарын алып үлгерген.

Ағымдағы жылдың қазан айында облыс бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаты толықтырылды. Атап өтсек, мүгедектігі бар балалар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар, жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер де осы мүмкіндікке ие бола алады, - деп атап өтті Миржан Нұртазиев.

Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының толықтырылған қатарына, сондай-ақ, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар,денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, агроөнеркәсіптік кешен және құқық қорғау салаларында еңбек қызметін жүзеге асыратын қажетті мамандар да жатады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: