Алматыда Қазақстанның ең үлкен туы желбіреді
Сурет: Ізтұрған Алдауев
22 қазанда парашютпен секіруден әлем рекордшысы Қазақстанның ең үлкен туын аспанда желбіретті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тудың көлемі - 800 шаршы метр. (Ескерту: елорданың басты флагшток тұғырында көтерілетін ең үлкен ту 450 шаршы метр). Бұл оқиға Республика күні үшін арнайы жасалып, нәтижесі Қазақстанның рекордтар кітабына енді.
Парашюттан секіруші шамамен 3000 метр биіктен секірді. Бұл биіктік ең әйгілі Шымбұлақ тау-шаңғы курортының деңгейінен жоғары.
Бүгін біз еліміздің ең үлкен туы Алматы аспанымен қалай желбірегеніне куә болдық. Маған осы сәттің куәсі және бір бөлігі болу, еліміздің бірлігі мен асқақтығының бүкіл рухын сезіну бақыты бұйырды.Қуандық Құдайбергенов, KINES Қазақстан рекордтар кітабының өкілі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript