Камбоджада ең үлкен балық табылды
Сурет: видеодан скриншот
Дүниежүзіндегі ең үлкен тұщы су балығын Камбоджада орналасқан Меконг өзенінің бойындағы ауыл тұрғындары аулады. Зерттеушілердің айтуынша, лақа балығының салмағы 300 келі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жергілікті тұрғындар бұл тұщы су балығын «борами» деп атаған, бұл «толық ай» дегенді білдіреді. Төрт метрлік балық электронды сенсорлармен белгіленіп, өзенге қайта жіберілді. Енді ғалымдар оның қозғалысын бақылай алады.
Меконг табиғаты бай және балық популяциясының әртүрлілігі бойынша әлемде үшінші орында. Алайда шектен тыс балық аулау және қоршаған ортаның ластануы қорлардың таусылуына әкеледі.
Осы оқиғаға дейін рекорд Таиландта орнатылды, онда 2005 жылы салмағы 293 келі болатын алып сом ауланған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript