Атырауда салмағы 200 келіге жуық алып бекіре тұқымдас балық ауланды

алып балық, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2022 18:56 Сурет: Экология министрлігі
Атырау облысында Жайық өзенінің «Кіші Дамбы» тартымында «Амангелді атындағы» ЖШС-нің балықшылар бригадасы және «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РМҚК балықшылары салмағы 190 келі, ұзындығы 2,47 м қортпа балығының аналығын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша, алып су маржаны Бекіре тұқымдас балық шабақтарының өсімін молайту жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде ауланды.

Қазір аналық қортпаның жағдайы қанағаттанарлық. Ол Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытының бассейніне жіберілді. Балық өсірушілердің үнемі бақылауында. Болжам бойынша одан 34 келіге жуық уылдырық алу көзделіп отыр.

Сурет: Экология министрлігі

Айта кетейік, Қазақстанда Каспий маңы мемлекеттеріндегідей бекіре тұқымдас балықтарды табиғи ортадан коммерциялық мақсатта аулауға тыйым салынған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: