Атырау облысының полицейлері 80 келі бекіре тұқымдас балық тәркіледі

балық, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2023 22:47 Сурет: видео скрині
Атырау облысының полицейлері 80 келі бекіре тұқымдас балық тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

5 қыркүйек күні сағат 5:30 шамасында Атырау облысы ПД-нің жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Атырау-Астрахань тас жолы Аққыстау ауылының тұсында, күдік тудырған Lada Kalina автокөлігін тоқтатты.

Тексеру кезінде 1997 жылы туған жүргізушінің көлігінің жүксалғышынан шамамен 80 келі бекіре тұқымдас балық табылды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: