Қатарда әлемдегі ең үлкен спорттық аяқ киім көрсетілді

Катарда әлемдегі ең үлкен аяқ киім көрсетілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2022 17:57 Сурет: pixabay
Қатарда футболдан Әлем чемпионаты ашылуға бірнеше күн қалғанда дүниежүзіндегі ең үлкен спорттық аяқ киім көрсетілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның биіктігі 2 метрге жетсе, ұзындығы 5 метр болады.

Доп тебуге арналған алып кроссовканы тамашалау үшін «Қатара Мәдени Ауылына» бірталай жанкүйер жиналды, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұл мемлекетте футболдан Әлем біріншілігі алдағы жексенбіде ашылып, желтоқсанның 18-не дейін жалғасады.

Ал алғашқы матч Қатар мен Эквадор командалары арасында өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: