Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында Республика күніне орай салтанатты шара өтті

Салтанатты шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2022 21:33 Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Баласағұн" орталық концерт залында Республика күніне арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов тұрғындарды Ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтады.

Салтанатты шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2022 21:33

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 25 қазанды еліміздің басты мерекесі ретінде атап өту жөнінде бастама көтеріп, тиісті заңға қол қойды. Осылайша, елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы қайта жаңғырып, 13 жылдан соң Ұлы мерекені қайта атап өтудеміз. Республика күні – Ұлтымыздың еңсесін көтеріп, рухын асқақтатқан ең құнды мереке. Бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған аталарымыздың армандары орындалып, 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Тәуелсіз Қазақстан бүгінде – ел дамуының жаңа кезеңіне нық қадам басқан, болашағына үлкен сенім артқан мемлекетке айналды. Әр жыл еліміздің одан әрі дамуы үшін тарихи шешімдерге толы болуда. Бүгінде ел Президенті "Әділетті Қазақстан" тұжырымдамасын алға тартуда. Ортақ мақсатқа жету жолында облысымыздың тұрғындары да лайықты үлес қосуда. Бүгінде Жамбыл облысы қарқынды дамуда.  Біз өзара бірлігіміз бен тұрақтылығымыздың арқасында алдағы уақытта да жетістіктерге қол жеткізе аламыз! Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов

Республика күніне орай, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2022 21:33

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Нұржан Нұржігітов  әр салада жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар жамбылдықтарға Мемлекет басшысының Жарлығымен белгіленген мемлекеттік наградаларды тапсырды.

Мемлекеттік награда, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2022 21:33

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Атап айтқанда, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбегі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін облыстың бір топ азаматтары "Парасат", "Құрмет", III дәрежелі "Еңбек даңқы" ордендерімен, "Ерен еңбегі үшін", "Шапағат" медальдарымен және Қазақстан Республикасының Құрмет грамоталарымен марапатталды. Сондай-ақ, бірқатар азаматтарға "Облысқа сіңірген еңбегі үшін" белгісі табысталды.

Мемлекеттік награда, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2022 21:33

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Салтанатты шара мерекелік концертке ұласты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: