Шымкент: Қонаев – Рысқұлов жолайрығы ресми түрде ашылды
Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Үшінші мегаполистегі Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесінің қиылысындағы жолайырық салтанатты түрде пайдалануға берілді.
25 қазан – Республика күніне арналған іс-шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов және тиісті басқарма басшылары, мердігер компанияның жетекшілері қатысты.
Бұл жолайырық былтырдан бері техникалық түрде ашылып, қала тұрғындары пайдаланып келеді. Жобаға қосымша жаяу жүргіншілерге арналған жерасты өткелдері салынып, айнала абаттандырылды. Бұл – мегаполистегі ірі жобаның бірі. Бәріңізге сәттілік тілеймін. Ұлттық мерекеміз құтты болсын. Аспанымыз ашық, еліміз аман болсын! – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Зерделеу жұмыстарының нәтижесі бойынша 2019 жылы Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесі қиылысының өткізгіштігі тәулігіне 27 775 көлік болса, бүгінде бұл көрсеткіш тәулігіне 66 мың көлікке жуықтайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript