Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда Әшімов көшесіндегі көпір ашылды

Көпір, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2021 21:06 Сурет: Алматы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі
Абай даңғылын ұзарту жұмыстары аясында Әшімов көшесінің қиылысындағы көпір ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz

Эстакаданың ұзындығы 396 метр, әр бағытта төрт жолақ бар.

Яссауи көшесінен Береке көшесіне дейінгі учаске бойынша қозғалыс уақытша жабық. Нысандағы құрылыс жұмыстарын 2022 жылдың қыркүйегіне дейін аяқтау жоспарланған. Мұнда жан-жаққа шығатын жолдардың жиегін орнату, аумақты абаттандыру, жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін салу, асфальтбетон жабынымен жоғарғы қабатты төсеу және тағы басқа жұмыстар орындалатын болады.

Абай даңғылынан шығатын екі айырық жолды жасау аяқталғанға дейін Әшімов көшесінің қиылысындағы көлік қозғалысы бағдаршаммен реттеу уақытша ұйымдастырылды.

Абай даңғылы Момышұлы көшесінен Алатау көшесіне дейін ұзартылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: