2025 жылы Алматыда қай жолайырықтар мен көшелер салынып бітетіні белгілі болды

Алматы қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, биыл қалада Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайырықтың құрылысы, сондай-ақ Саин көшесін Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейін және Абай даңғылын қаланың шекарасына дейін ұзарту жұмыстары аяқталады., сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2025 09:44 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, биыл қалада Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайырықтың құрылысы, сондай-ақ Саин көшесін Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейін және Абай даңғылын қаланың шекарасына дейін ұзарту жұмыстары аяқталады.

Мамыр айында Абай даңғылын Б.Момышұлы көшесінен қаланың шекарасына дейін ұзарту жобасы іске қосылады. Ұзындығы 5,3 км болатын бұл алты жолақты жолдың екі жағында да веложолдар мен жаяу жүргіншілер жолдары қарастырылған.

Жазда Саин көшесін Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейін ұзарту жұмыстары аяқталады. Ұзындығы 3,2 км болатын бұл жолдың арқасында Момышұлы көшесіндегі көлік жүктемесі 40%-ға төмендейді.

Маусым айында Жансүгіров көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысындағы жолайырықтың құрылысын және оған іргелес аумақты көркейту жұмыстарын толық аяқтау жоспарланып отыр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: