Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО әкімінің төрағалығымен тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты жиын өтті

Жиын, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2022 21:12 Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Жақында облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар мен әйелдер мен балаларға қатыгездік көрсетудің алдын алу мәселелеріне арналған жиын өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

БҚО-да жыл басынан бері 13 қылмыс тіркелген. Дегенмен, полицейлердің айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі зорлық-зомбылыққа қарсы арыз жазудан бас тартады. Соның ішінде әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық қоғамның назарын аударуда. Сондықтан бұл мәселе жоғары деңгейде жиі талқыланып жүр. Мемлекет басшысы қыркүйек айындағы Қазақстан халқына Жолдауында елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін жедел шешу керектігін атап өтті.

Үкімет басшысы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін кешенді түрде шешуді  және содан зардап шеккен жандарды оңалтуға баса назар аударуды тапсырды. Осы бағытта тиісті іс-шараларды жүзеге асыруымыз керек. БҚО әкімі Ғали Есқалиев

Ағымдағы жылдың басынан бері "102" операторлық пультіне тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 3299 дабыл келіп түскен.  Полицейлердің айтуынша, өңірімізде жиі кездесетін тұрмыстық зорлық-зомбылықтың негізгі нысаны әйелдер болып келеді.  

Биылғы жылдың басынан бері облыста отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында 13 қылмыс тіркелді. Заңсыз әрекет жасағаны үшін 920 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Келіп түскен хабарламалардың жалпы санының 44,5 пайызында полицейлер шара қолдана алмаған. Себебі полиция қызметкерлері оқиға орнына жеткен уақытта зардап шеккендер арыз жазудан бас тартқан. Бұл жағдайда зардап шеккендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық әңгімелесулер жүргіземіз, – дейді БҚО ПД  жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ернар Сұлтанғалиев.

Бүгінгі таңда облыста ана мен бала құқығын қорғаумен айналысатын 40-қа жуық ҮЕҰ бар. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету шеңберінде коммуналдық мемлекеттік мекемеде зардап шеккендерге арналған дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Биыл дағдарыс орталығына 367 адам жүгінген.  

Жиын соңында облыс әкімі Ғали Есқалиев дағдарыс орталығында тәулік бойы байланыста болатын әрі есте қалатын нөмір қоюды, қоғамдық ұйымдардың жұмысын жандандыруды тапсырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: