Таразда жас жұбайлар да өз саяси таңдауын жасады
Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Таразда ҚР президентінің кезектен тыс сайлауына қатысу үшін азаматтық ұстанымы берік жас жұбайлар да учаскеге ертелетіп келді. Жастар бұл маңызды күннің отбасылары үшін де Отан үшін де тарихи мән-мазмұнға ие екенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін, міне, теңдік пен құқықтық саясат салтанат құрған мемлекетке айналдық. Бейбітшілік қыраны көк аспанымызда самғап, әлемдік аренадағы өз орнымызды айғақтадық. Бүгінгі өтіп жатқан кезектен тыс Президент сайлауы да тәуелсіз елдігіміздің бір көрінісі. Кандидаттардың ешқайсысы да осал емес. Барлығы да тәжірибесі толысқан, мемлекеттік қызметте ысылған азаматтар. Сондықтан құқығы бар әрбір отандасымыз сайлауға келіп, өз таңдауын жасағандары абзал. Бұл еліміздің ертеңі үшін маңызды. Жас жұбайлар - Уазхановтар отбасы
Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Тағы бір тараздық жас жұбайлар - Рахимбаевтар отбасы еліміздің ертеңі үшін сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасағанына қуанышты екендіктерін жеткізді.
Бүгін еліміз бойынша маңызды сәт – Президент сайлауы өтуде. Жұбайым екеуміз таңертең ерте тұрып, сайлау учаскесін бетке алдық. Мақсатымыз – еліміздің келешегін кемел ететін, лайықты үміткерге дауыс беру. Әрине, егемендік жылдары ілкімді істер атқарылып, оң өзгерістер орын алды. Халықтың әлеуметтік жағдайы да жылдан жылға жақсарып, тұрмысы түзеліп келеді. Бастысы – демократия қағидалары орныққан, ашық қоғамға қадам бастық. Бүгінгі саяси шара – соның айқын дәлелі. Біз секілді жас отбасыларға да аз қолдау жасалып жатқан жоқ. Ендеше, сайлау қорытындысы бойынша жаңа сенім мандатына ие болған үміткер осы ауқымды істерді әрі қарай жалғастырып, тың реформаларды жүзеге асырарына күмәнім жоқ, - дейді олар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript