Қапшағайда жас жұбайлар өлі табылды

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2022 11:02 Сурет: Zakon.kz
8 сәуірде Қапшағай қаласында жас жұбайлар асулы күйінде табылды. Жігіт 22 жаста болса, ал жас келін небәрі 18 жаста, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ерлі-зайыптылардың (22 жастағы жігіт пен 18 жасар қыз) мәйіттері 8 сәуірде Қапшағай қаласында қалалық жанар-жағармай бекеттерінің біріне жақын маңнан табылды. Жәбірленушілер асулы тұрды. Сырттай тексеру кезінде зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ, сондықтан ерлі-зайыптылар өз-өздеріне қол жұмсауы мүмкін деп болжам жасауға болады. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша барлық мән-жайлар анықталып жатыр. Түпкілікті процессуалдық шешім сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша қабылданатын болады.

Тергеу мүддесі үшін толығырақ ақпарат жария етуге жатпайды.

Сондай-ақ, азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуді сұраймыз. Қылмыстық заңнамада жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: