Жаңалықтар тізбегі
0

Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі болып қайта тағайындалды

Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі болып қайта тағайындалды Сурет: Абай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
1 желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Ұранхаевты Абай облысының әкімі етіп тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұрлан Уранхаев 1965 жылы 4 мамырда Семей қаласында дүниеге келген.

Білімі:

1987 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-механик, 2001 жылы Қазақ қаржы-экономикалық институтын экономист-менеджер, 2006 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек өтілі:

  • "Казпромтехмонтаж" тресінің Семей монтаждау басқармасы учаскесінің слесарь-монтаждаушы ұстасы (1987-1990);

  • "Зергер" өнеркәсіптік-қаржы корпорациясының директоры, Бас директоры, Президенті (1990-1995);

  • "Аққұс" АҚ Президенті (1995);

  • "Сары-Арқа" АҚ Сенімді басқарушысы (1995-1997);

  • "Сұңқар" ЖШС Президенті (1997-2001);

  • "Казиркутслес" АҚ Бірлескен кәсіпорнының бас директоры (2001-2003);

  • Шығыс Қазақстан облысының Энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және көлік басқармасының бастығы (2003-12. 2003);

  • Шығыс Қазақстан облысының Энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және көлік басқармасының бастығы (01.2004-02.2005);

  • Шығыс Қазақстан облысының сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті күрделі құрылыс басқармасының бастығы (02.2005-09.2005);

  • Күрделі құрылыс басқармасының бастығы - Шығыс Қазақстан облысының сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті директорының орынбасары (10.2005-01.2006);

  • Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (01.2006-02.2007);

  • ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары (03.2007-02.2008);

  • ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары (05.01.2008-2009);

  • ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы (2009);

  • "Ертіс "ӘКК "ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары (05.2009-06.2010);

  • Қызылорда облысы әкімінің орынбасары (06.2010-02.2013);

  • ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары (2014-2015);

  • "ҚазҚСҒЗИ" АҚ Бас директоры (03.2015-09.2017);

  • Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы (09.2017-2018);

  • Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы (05.2019 бастап);

  • Абай облысының әкімі (11.06.2022 бастап)

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз