Ермек Маржықпаев Ақмола облысының әкімі қызметінде қалды

Ермек Маржықпаев Ақмола облысының әкімі қызметінде қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2022 15:49 Сурет: dialog.egov.kz
Президенттің жарлығымен Ермек Маржықпаев Ақмола облысының әкімі лауазымына қайта тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Ақмола облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Ермек Маржықпаев 1969 жылы туған, Целиноград қаласының тумасы. С.Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттiк педагогикалық институтын (тарих мұғалiмi), «Тұран» университетiн (заңгер), Көкшетау университетiн (қаржы бакалавры) бiтiрген.

Еңбек өтілі:

  • Еңбек жолын 1991 жылы Астана қ. № 29 ОМ дене шынықтыру мұғалiмi, бокстан жаттықтырушы болып бастады.

  • 1992-1993 жылдары — Ақмола облысы, Щучинск ауданы, Бурабай кентi, № 7 ОМ тарих мұғалiмi.

  • 1993-1994 жылдары — «Шонай» ШЖК директоры.

  • 1994-2008 жылдары — «Береке-Бурабай» ЖШС директоры.

  • 2008-2012 жылдары — Ақмола облысы Аршалы ауданының әкiмi.

  • 2012-2013 жылдары — Ақмола облысы Зерендi ауданының әкiмi.

  • 2013-2014 жылдары — Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары.

  • 2014-2015 жылдары — Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Мемлекеттiк бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң Мемлекеттiк инспекторы.

  • 2015-2019 жылдары — Ақмола облысы Көкшетау қаласының әкiмi.

  • 2019 жылғы наурызда Ақмола облысының әкiмi болып тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: