Ерболат Досаев өз лауазымында қала беретін болды

Кадрлық тағайындау, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2022 20:37 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
2022 жылы 2 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ерболат Досаевты Алматы қаласының әкімі етіп қайта тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы сипаттағы Жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

Ерболат Досаев 1970 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі мен білігі:

  • 1987 жылы Алматы қаласындағы О. Жәутіков атындағы Республикалық физика-математикалық мектеп-интернатын бітірді.

  • Алматы энергетикалық институтын,

  • Бауман атындағы Мәскеу Мемлекеттік техникалық университетін тәмамдады.

Еңбек өтілі:

  • "Тұран Әлем банкі" ЖАҚ Басқарма төрағасының орынбасары, "АТФ Банк" ЖАҚ Басқарма төрағасы (1997 ж.);

  • ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі (1998 ж.);

  • ҚР Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі (1998 ж.);

  • ҚР Қаржы вице-министрі (2000 ж.);

  • Қазақстанның Даму банкі Директорлар кеңесінің төрағасы (2001 ж.);

  • ҚР Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы (2001-2003 жж.);

  • ҚР Қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) басқарушысы; ҚР Ұлттық банктің Басқарма мүшесі (2003-2004 жж.);

  • ҚР Денсаулық сақтау министрі (2004-2006 жж.);

  • "Қазинвестбанк" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (2006-2012 жж.);

  • 2012 жылғы 25 қыркүйектен  бастап – ҚР Экономикалық даму және сауда министрі.

  • 2013 жылғы 16 қаңтардан  бастап – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.

  • 2014 жылғы 6 тамызда ҚР Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.

  • 2016 жылғы мамырдан бастап 2017 жылғы тамыз аралығында – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-тың Басқарма төрағасы.

  • 2017 жылғы тамыздан бастап 2019 жылғы ақпан аралығында ҚР Премьер-министрінің орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

  • 2019 жылғы 25 ақпанынан бастап 2022 жылғы қаңтар аралығында – ҚР Ұлттық банктің төрағасы.

  • 2022 жылғы 31 қаңтарынан бастап Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: