Екібастұздағы жөндеу жүріп жатқан үйлердің тізімі белгілі болды

Екібастұзда жылу беріліп жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2022 13:40 Сурет: pexels
Апаттық жұмыстар жүргізіліп жатқан тізімде 71 көпқабатты үй бар. Жедел штабтың мәліметінше, желтоқсанның 5-іне дейін Екібастұздағы үйлердің барлық жылу бөлімінде жөндеу аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел штабтың басшысы, премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың айтуынша, қазір пәтерішілік көтергіштер мен регистрлерді қосу жұмысы жүргізіліп жатыр.

"Сонымен қатар мамандар сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін қалпына келтіріп жатыр", - деді Роман Скляр.

Жедел штаб барлық зардап шеккен үйдің тізімін жөндеу жұмысының тізімімен жариялады.

Екібастұзда барлық проблемалық көпқабатты үйдің жертөлесіндегі жылу қондырғыларына жабдықтау жүргізілді.

Қарашаның 27-не қараған түні апат салдарынан Екібастұзда жылу мен ыстық су беру тоқтатылды. Энергетика министрлігі жылу құбырларының тозуының жоғары деңгейін хабарлады. Бұл дегеніміз - 70%-дан астам.

28 қарашада Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды.

4 желтоқсанда тұрғын үйлердің барлық жертөлесіне жылу берілгені белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: