Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы 100 жаңа троллейбуспен толығады

Алматыда 100 троллейбус сатып алады Сурет: Zakon.kz
Мәслихат сессиясында қала әкімі Ерболат Досаев дамыған қоғамдық көлік қала тұрғындарының жайлы өмір сүруінің, жолдағы кептелісті азайту мен ауа сапасын жақсарту индикаторларының бірі екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты қоғамдық көлікті дамытуда автобус паркін экологиялық автобустармен жаңартуға басымдық беріледі.

"2023 жылы газбен жүретін 300 автобус сатып аламыз. Сонымен қатар троллейбус паркін жаңарту жалғасады, біз 6,4 млрд теңгеге 100 троллейбус сатып алуды көздеп отырмыз. Осы шаралардың арқасында қызметтердің сапасын жақсартып, қоғамдық көлік қозғалысының интервалын азайтамыз".Алматы әкімі

Қалалық маршруттарды субсидиялауға 55,9 млрд теңге қарастырылған. Бұл 30 маршруттағы автобустарды жаңартуға және оларды қосымша 400 бірлікпен нығайтуға мүмкіндік береді. Әкімдіктің хабарлауынша, бұл қоғамдық көлік қызметтерінің сапасын жақсартады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз