Алматы қоғамдық кеңесі жылды қорытындылады
Қоғамдық кеңестің хабарлауынша, жалпы жыл өнімді де нәтижелі өткен. 3 қоғамдық тыңдау өткізілді, сайтқа 18 мониторинг жүргізілді, алматылықтардың 200-ден астам хаттары қаралды, олар бойынша жауаптар беріліп, шаралар қабылданды, 15 дөңгелек үстел, тұрғындармен 21 кездесу, қаланың 12 есебі әкімдіктің басқармалары қаралып, олардың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді. Ведомстволық бағынысты ұйымдардың 39 даму жоспарын талқылауға қатысты.
Биыл БАҚ-пен жұмыс жасауда олқылықтар да, консультативтік-кеңесші органдармен де олқылықтар орын алғанына тоқталды. Бұл мәселелерге алдағы жылы көбірек көңіл бөлінеді. Толық талдамалық есеп Қоғамдық кеңестің сайтында жарияланады.
Сурет: Алматы қоғамдық кеңесі
"Қоғамдық кеңестің үшінші шақырылымының құрамы ең түсініксіз деп айта аламын, оның құрамына қаланың қоғамдық және әлеуметтік өмірінің түрлі саласын білдіретін қоғамдық пікір көшбасшылары кірді, бірақ біз ортақ пікірге келе алдық. Бұл құрамда мемлекеттік органдардың екі өкілі ғана қалды, негізінен азаматтық қоғам өкілдері. Біз бірге көптеген өзекті мәселелерді көтердік, бірақ балалардың құқықтарын қорғау мен инклюзивтілікке ерекше көңіл бөлінді, бұл жөнінде қала әкімшілігі мен республика үкіметіне бірқатар ұсыныстар жолданды", - деді кеңес төрайымы Алтынай Көбеева.
Жыл қорытындысы бойынша Кеңестің Экономика, кәсіпкерлік, цифрландыру және туризм жөніндегі комиссиясы ең нәтижелі болып шықты.
Сурет: Алматы қоғамдық кеңесі
"Жауапкершілікпен, біз көшбасшылардың қатарында болғанымыз үшін, біздің комиссияның ауқымы қала проблемаларының үлкен қабатын қамтиды. Осы орайда, біз тағы да қала тұрғындарын белсенділік танытып, бізбен бірге қала өміріне атсалысуға шақырғымыз келеді", – деп түйіндеді сөзін комиссия төрағасы Думан Қапасов.