Жетісу облысында сырғанақ теуіп жүрген әкім желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды
Сурет: Instagram/marlen_kolbaev
Жаңа жыл қарсаңында Жетісу облысы Көксу ауданының әкімі Марлен Көлбаев Instagram парақшасына мұз айдынында түскен суреттерін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Көлбаев сурет астындағы жазбада мұз айдынына балалық шағын еске алып, коньки тебуге барғанын жазды
"Балалық шағымда көзімді жұмып жүріп тепкен өнерімді көрсетем ба деп, масқара болғандай қайта-қайта құлағаным бар емес пе? Меніңше конькилері дұрыс емес сияқты", – деп жазыпты әкім.
Әкім қайта-қайта құлай берген соң, балаларға мазақ болмайын деп, сол ұл-қыздардың көмегімен мұз айдынынан шығып кеткенін айтыпты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript