Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада биыл құрылысы ұзаққа созылған 30 тұрғын үй кешені аяқталады

Астанада биыл құрылысы ұзаққа созылған 30 тұрғын үй кешені аяқталады, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2023 01:37 Cурет: Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің Instagram-дағы парақшасы
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек бірқатар құрылысы ұзаққа созылған нысандардағы жұмыс барысымен танысты. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Тұрғындармен, оның ішінде үлескерлермен тұрақты түрде кездесіп тұрамын. Құрылысы ұзаққа созылған бірқатар ғимаратқа бардым. Өздеріңізге мәлім, әр нысанның өткен тарихы әртүрлі, олардың құрылысы бірнеше жылдан бері бітпей келеді", - деп жазды ол.

Мысалы,"Ақерке-2" тұрғын үй кешенінің тіпті іргетасы да болмаған, ал "Пана" тұрғын үй кешенінің құрылысы 8 жыл бұрын басталған.

"Осыған дейін әкімдік құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау бойынша үлкен жүйелі жұмыс жүргізген болатын. Дегенмен қалған нысандарды аяқтау міндеті де мойнымызда тұр. Бұл 30-дан астам тұрғын үй кешені, онда мыңдаған отбасы жылдар бойы баспанасын күтіп жүр. Құрылысы ұзаққа созылған әрбір нысанды аяқтау бойынша өзіндік жоспары бар. Биыл осы нысандарды аяқтауды тапсырдым.Қаланы аралау барысында донор-нысандардың құрылысымен таныстым. Олар ұзаққа созылған нысандардың құрылысын аяқтау үшін салынған қаражаттың қайтарымдылығын қамтамасыз етеді. Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқталуы Мемлекет басшысының бақылауында", - деп жазды астана әкімі.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: