Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада бірнеше жылдан бері пәтер кілтін ала алмай жүрген тұрғындар қоныс тойын тойлады

Royal Expo тұрғын үй кешені, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.12.2022 21:20 Сурет: Жеңіс Қасымбектің Instagram-дағы парақшасы
Астанада бірнеше жылдан бері пәтерін ала алмай жүрген тұрғындар қоныс тойын тойлады. Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеңіс Қасымбектің сөзінше, әкімдік осыған дейін қаладағы құрылысы ұзаққа созылған 150 көпқабатты тұрғын үй кешенінің 120-сының құрылысын аяқтаған.

"Осылайша мыңдаған отбасы көптен күткен пәтеріне қоныстанды. Бүгін, яғни 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні 300-ден астам үлескер отбасы пәтерінің кілтін алды. Royal Expo тұрғын үй кешенінің тұрғындары бірнеше жыл бұрын қоныстануы керек еді. Тұрғындарды бүгінгі мерекемен және қоныс тойымен құттықтаймын! Әрбір отбасыға амандық, дендеріне саулық тілеймін!", - деп жазды Астана әкімі Instagram-дағы парақшасында.


Royal Expo тұрғын үй кешені, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.12.2022 21:20

Сурет: Жеңіс Қасымбектің Instagram-дағы парақшасы


Астана әкімі сонымен бірге өзге де үлескерлердің тезірек баспаналы болу мәселесін шешуді жалғастыратынын жазды.

"Ал қалған 15 нысан бойынша (30-дан астам тұрғын үй кешені) сапасына ерекше назар аударуды әрі құрылыс қарқынын жеделдетуді тапсырдым. Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқталуы Мемлекет басшысының бақылауында", - деп жазды ол.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: