Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда бірнеше қоғамдық көліктің жүріс сызбасына уақытша өзгеріс енгізіледі

Жолаушылар тасымалы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2023 20:50 Сурет: Zakon.kz
Бұл - қалада көркем фильмнің түсірілуіне, соған сәйкес бірқатар көшенің жабылуына байланысты туындаған жайт. Бұл жайлы Zakon.kz-ны Алматы қалалық мобильділік басқармасы құлғадар етті.

2023 жылы 15 қаңтардан 19 қаңтарға дейін қалада көркем фильмнің түсірілуіне байланысты кейбір қоғамдық көліктердің қозғалыс сызбасына уақытша өзгерістер енгізілетін болады.

16 қаңтарда сағат 19:00-ден бастап, 17 қаңтарда сағат 02:00-ге дейін:

- №124, №45, №79 оңтүстік бағытта Алтынсарин даңғылы - Шаляпин - Сәтпаев - Әуезов - Тимирязев көшелері - бұдан әрі схема бойынша, кері бағытта Тимирязев – Жароков - Сәтпаев – Шаляпин - Алтынсарин даңғылы,  бұдан әрі сызбасы бойынша;

- №22 шығыс бағытта Жандосов көшесі - Әуезов көшесі - бұдан әрі схема бойынша, кері бағытта Әуезов көшесі - Жандосов көшесі бұдан әрі схема бойынша;

- №32, №205 солтүстік бағытта Сүлейменов көшесі - Алтынсарин - Сәтпаев - Әуезов - Тимирязев көшелері бұдан әрі схема бойынша, кері бағытта Тимирязев - Әуезов - Сәтпаев - Алтынсарин - Сүлейменов көшелері бұдан әрі схема бойынша;

- ТП11 шығыс бағытта Жандосов көшесі – Әуезов - Абай даңғылы бұдан әрі схема бойынша, кері бағытта Абай даңғылы - Әуезов - Жандосов көшесі бұдан әрі схема бойынша;

- №31 оңтүстік бағытта – Саин көшесі - Әл-Фараби - Жароков көшесі бұдан әрі схема бойынша, кері бағытта Жароков көшесі - Әл-Фараби – Саин көшесі бұдан әрі схема бойынша;

- №135 – шығыс бағытта Жандосов көшесі - Розыбакиев көшесі бұдан әрі схема бойынша, кері бағытта Розыбакиев көшесі - Жандосов көшесі бұдан әрі схема бойынша;

18 қаңтарда сағат 03.00-ден 07.00-ге дейін:

- №112 – шығыс бағытта Құрманғазы көшесі - Абылай хан - Абай – Достық - Қонаев көшесі бұдан әрі схема бойынша; кері бағытта өзгеріссіз;

- №12 - оңтүстік бағытта Абылай хан даңғылы - Абай - Достық даңғылы бұдан әрі схема бойынша, кері бағытта – өзгеріссіз.

Айта кетсек, алдында Алматыда көркем фильмнің түсірілімі жүргізілуіне байланысты бірнеше көше уақытша жабылатыны хабарланған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: