Павлодар облысының әкімі Екібастұзда болып, жедел штаб отырысын өткізді
Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жылумен жабдықтау параметрлерінің төмендеуіне байланысты тиісті жылу деңгейінсіз қалған көптеген мекемелердің ішінде соңғы уақытқа дейін № 7 мектеп те болды. Жағдайды жақсарту үшін қаңтар айының ортасында Мәшһүр Жүсіп пен Кеншілер көшелеріндегі жылумен жабдықтау желілерін жөндеу жұмыстары аяқталды. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде жылумен жабдықтау параметрлері айтарлықтай жақсарды. Жылу беру 59-дан 65-75 оС-қа дейін өсті, ал, мектептегі температура 17-19-дан 18-23 оС-қа дейін артты. Асайын Байханов жөндеу жұмыстарының қарқынын бәсеңдетпеуді және әлеуметтік нысандарға ерекше назар аударуды тапсырды.
Сурет: Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сондай-ақ, облыс әкімі Кеншілер, Молодежная және Гридин көшелеріндегі жылу желілерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу барысымен танысты.
Бүгінгі таңда Екібастұзда жылумен жабдықтау желілеріндегі 130-дан астам зақым жойылды, 23-і ақауды жою жұмыстары жүріп жатыр. Жөндеу жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі. Кеншілер қаласының коммуналдық қызметтерінен бөлек апат орындарында облыс орталығынан келген авариялық бригадалар бар.
Сурет: Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қаланы аралап шыққаннан кейін өңір басшысы жедел штаб отырысын өткізді.
Асайын Байханов жөндеу жұмыстары аяқталған учаскелерді абаттандыруды қалпына келтіру қажеттігін атап өтті. Осыған ұқсас 40-қа жуық учаске әлі күнге дейін ретке келтірілмеген.
Сурет: Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Облыс әкімі қаңтар айының соңына дейін қала тұрғындары үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, жөнделген учаскелердің 80%-ын қайта толтыру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Осы талаптар орындалмаған жағдайда коммуналдық қызметшілерге қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданатыны ескертілді.