Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда ғимараттарға сейсмикалық аудит жүргізіледі

Алматы, жер сілкінісі, Түркия, сейсмология Сурет: Zakon.kz
Алматы әкімі Ерболат Досаев 9 ақпанда Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуінде 2023 жылдың екінші жартыжылдығында қалада жаңа сейсмикалық аудит жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Әкіммен кездесуде аудан тұрғындарының бірі қаланың бас жоспарында Бұқар жырау даңғылының бойындағы ғимараттардың сейсмикалық көрсеткіштері неге ескерілмегенін сұрады.

Әкім 2021 жылы сейсмикалық микроаудандастырудың жаңа картасы бекітілгенін айтты. Онда барлық кемшіліктер ескерілді.

"Қаладағы біздің басымдылығымыз – қажетті ғимараттарды сейсмикалық күшейту. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі жалғасады. Бұл шешімдер қазір емес, ондаған жылдар бұрын қабылданған". Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев

Досаевтың айтуынша, 2017-2018 жылдары ҚазҚСҒЗИ сейсмикалық аудит жүргізген.

"Биылғы жылдың екінші жартысы мен келесі жылы біз қаланың жаңа сейсмикалық аудитін бастаймыз. Өздеріңіз білесіздер, Алматыда 2020-2021 жылдары жаңа тектоникалық бұзылыстар пайда болды. Жаңа бас жоспарда барлық қажетті сейсмикалық талаптар ескерілген. Қаланың сейсмикалық зондтауы есепке алынбайтын бірде-бір жер жоқ, Абай даңғылынан жоғарының барлығы 10 балл, Абай даңғылынан төменгі жақтардың бәрі 9 және 10 баллдық аймақтар". Ерболат Досаев

6 ақпанда Түркияда бірнеше күшті жер сілкінісі болды. Кейінірек Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 7,8 болатын тағы бір күшті жер сілкінісі тіркелді.

Соңғы мәліметтер бойынша, Түркиядағы жер сілкінісінен 12 391 адам қаза тапты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз