Алматыда ғимараттарға сейсмикалық тексеріс жүргізу шілде айында басталады

Алматы, Алматы әкімі, сейсмикалық аудит, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2023 12:59 Сурет: Zakon.kz
Алматы әкімі Ерболат Досаев шілде айында қалада ғимараттарға сейсмикалық тексеру жүргізілетінін айтты. Барлығы 17 мыңға жуық нысан тексеріледі, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Әкім 2017-2018 жылдары жүргізілген сейсмикалық аудиттің қорытындысы бойынша Алматы қаласы 27 тектоникалық жарықтың бойында тұрғаны анықталған. Бүгінде ол жарықтардың бойында 1116 нысан орналасқан, оның 362-сі жер сілкінісіне төзімді емес.

"Мемлекет басшысы 2000 жылдан кейін салынған қала нысандарына жаңа сейсмикалық аудит жүргізу ұсынысын қолдады. Ол Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты мен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмология институты бірлесіп жүргізеді. Жұмыстар осы жылдың шілде айында басталып, 2024 жылдың соңында аяқталады", – деді Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, барлығы 16701 нысан тексерілмек, оның 1641-і көпқабатты тұрғын үйл, 15060-ы азаматтық және қоғамдық ғимараттар. Сондай-ақ 2023 жылы 20 млрд теңгеге 16 әлеуметтік нысанды сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізіліп, 34 нысанды сейсмикалық күшейтудің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленеді.

Жаңа сейсмикалық аудит қаланың соңғы бес жылдағы белсенді дамуын ескере отырып, нысандардың төлқұжаттарын жаңартуға мүмкіндік береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: