Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда жолдағы шұңқырларды жамау жұмыстары мерзімінен бұрын қолға алынады

Коммуналдық қызмет, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2023 19:56 Сурет: Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда асфальтбетон қоспасын қолдана отырып, жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды. Бұл туралы Zakon.kz-ға қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жөндеу жұмыстары магистральдық және аудандық маңызы бар көшелерде жүргізіледі және қаланың барлық ауданын қамтиды.

"Негізгі жол жөндеу жұмыстары көктемнің соңында, ауа-райы қолайлы болған кезде басталады. Биыл ұзындығы 200 км болатын 220 көше орташа жөндеуден өтеді". Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шұңқырларды жамау жұмысының сапасын арттыру үшін маусымдық профилактикада болған асфальтбетон зауыты іске қосылды.⠀

"Бұл қалалық мобильділік басқармасы "Асфальтбетон-1" зауыты мен жол жөндеу компаниялары арасындағы қол қойылған меморандумнан кейін жүзеге асты. Құжатқа сәйкес, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жөндеуге 5 компания кіріседі", делінген хабарламада.⠀

18 қаңтарда Үкімет басшысы Әлихан Смайылов елдегі жолдарды салуға және жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану жайына тоқталған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: