Жаңалықтар тізбегі
0

Нұржан Нұржігітов су шайған Күрті – Бұрылбайтал жолының қалпына келтіру жұмыстарын көрді

Нұржан Нұржігітов, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2023 12:28 Cурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Мойынқұм ауданы аумағындағы еріген қар суын бұру жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылған Күрті – Бұрылбайтал тасжолының айналма жол учаскелерін еріген қар суы басты.

Ауа температурасының күрт көтерілуіне және тау бөктеріндегі жерлерде қардың қарқынды еруіне байланысты пайда болған судың тасуы аталған жолдың үш бөлігінде тіркелді.

Жамбыл облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2023 12:28

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазіргі таңда аталған аумақтарда қалпына келтіру жұмыстары қызу жүруде. Бірінші учаске бойынша мердігер ұйым айналма жолдың 2156 шақырымында қосымша төрт су өткізу құбырын орнатты. Еріген қар суы орнатылған құбырлар арқылы өтіп жатыр. Сонымен бірге ұзындығы 350 метрден асатын учаскеде үйінділерді нығайту бойынша жұмыстар жүргізілді. Негізгі жұмыстар аяқталды.

Екінші және үшінші учаске бойынша қазіргі уақытта еріген қар суын бұру жұмыстары басталды. Өткізгіш құбырлар орнату, шайылған жерлерді қалпына келтіру шаралары атқарылып жатыр.

Барлығы 23 арнайы техника мен 42 жеке құрам жұмылдырылған.

Жамбыл облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2023 12:28

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі жауаптыларға қалпына келтіру шараларын тезірек аяқтау үшін техника мен жұмысшы күшін көбейтуді тапсырып, жұмыстардың сапалы орындалуын бақылауда ұстауды міндеттеді.

Айта кету керек, су тасу жағдайы негізгі жолда емес, айналма жолда орын алған. Күре жолдың толығымен шайылып кетуі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

Орын алған жағдайға байланысты Екатеринбург – Алматы тасжолының Бұрылбайтал ауылынан Ақсүйек ауылына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді. Қозғалыс Алматы – Отар Благовещенка – Шу – Хантау – Бұрылбайтал бағыты бойынша жүзеге асырылып жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: