Ақтөбедегі теміржол бойындағы төтенше жағдай: Бұл мәселені облыс әкімі бақылауына алды
Сурет: Telegram/qr_tjm
5 наурызда сағат Шалқар ауданының Біршоғыр станциясында тепловоз бен №317 жолаушылар пойызы соқтығысып, 2 вагон рельстен шығып кеткені хабарланған болатын. Облыс әкімдігі жолаушыларға ыстық тамақ жеткізіліп, оқиға орнына қалпына келтіру пойызы жіберілгенін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz
5 наурызда сағат 10:15 шамасында Шалқар ауданының Біршоғыр станциясында маневрлік тепловоз Бішкек-Самара бағытындағы №317 жолаушылар пойызымен бүйірлей соқтығысып, 2 вагон рельстен шығып кетті.
"Бұл мәселені облыс әкімі бақылауына алды. Өңір басшылығының тапсырмасымен пойыз жолаушыларына барлық қажетті көмек көрсетілді. Сондай-ақ, ыстық тамақ ұйымдастырылды, оқиға орнына жолаушыларды тексеру үшін шұғыл дәрігерлер жіберілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына қалпына келтіру пойызы жіберілді", делінген Ақтөбе облысы әкімдігінің хабарламасында.
Төтенше жағдайлар департаменті ҚТЖ-мен бірлесіп теміржолды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқаны да нақтыланады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript