"Алматы - Орал" бағытындағы жолаушылар пойызы жолда алты сағат тұрып қалды
Сурет: pixabay
Алматы-2 – Орал бағытындағы N51 "Тальго" жолаушылар пойызы техникалық ақауға байланысты алты сағат кешікті. Жөндеу үшін орта жолда қалып кеткен пойыз жолаушыларына тегін ыстық тамақ ұйымдастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ №51 Алматы-2 – Орал (Тальго) жолаушылар пойызының кешігуіне қатысты түсініктеме берді.
"8 желтоқсанда сағ. 20.35-те Тобыл станциясында техникалық себеппен №51 пойызы тоқтатылды. Ақау анықталып, жөндеу жұмысы жүргізілгеннен кейін Тобыл станциясынан пойыз 9 желтоқсанда сағат 02.13-те, яғни Орал станциясына 6.05-ке сағатқа кешігіп жөнелтілді. Орал станциясына шамамен кеш келу 6 сағатты құрайды". "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі
Сондай-ақ, компания келтірілген қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрайтынын жеткізді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript