Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылордада облыс әкімінің қатысуымен "Ана - өмір шуағы" атты әйел-аналармен кездесу өтті

Кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2023 22:10 Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Қызылордада 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев әйел-аналармен кездесіп, еркін форматта пікірлесті және жаңадан "Алтын алқа" иегері атанған аналарды марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, құттықтау сөзінде аймақ басшысы қоғамдағы әйел адамның жоғары рөл атқаратынын атап өтті.

"Барша қазақтың ортақ мақтанышы, сұлулық пен ерліктің символына айналған Тұмар ханым, Ақжүніс, Қыз Жібектің, ел басына іс түскен қиын кезеңдерде басын оққа байлаған Әлия, Мәншүк, Хиуаз ұлт батырларының есімдері тарих төрінде алтын әріптермен жазылып қалды. Несібесін жерден көріп, ерен еңбектің үлгісін көрсеткен жерлестеріміз Сәлима Жұмабекова, Шырынкүл Қазанбаева, Ұлбала Алтайбаева, Жадыра Таспамбетова секілді апаларымыз бен ұлт руханиятын, мәдениетін, өнерін асқақтатқан Роза Бағланова, Сәбира Майқанова, Мәдина Ералиева сынды майталман тұлғаларымыздың Сырдың шежірелі тарихындағы орны ерекше. Аймақтың дамуына ерекше атсалысқан жандардың, оның ішінде әйел-аналарымыздың қалай құрметтесек те жарасады". Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев


Нұрлыбек Нәлібаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2023 22:10

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі


Айта кетейік, күні кеше облыс әкімі мереке қарсаңында ұлағатты ұстаз, Қызылорда облысының құрметті азаматы Алма Ақдәулетованы халықаралық әйелдер күнімен және мерейлі 90 жас мерейтойымен құттықтады және "Ана мен бала" орталығындағы жаңа босанған аналарды, ақ халатты абзал жандарды мерекемен құттықтап, ыстық ықыласын білдірді. 


Марапаттау рәсімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2023 22:10

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі


Жиында "Алтын алқа" орденінің иегері, тыл ардагері, 10 бала тәрбиелеп, 28 немере, 26 шөберенің қызығын көріп отырған ана Раш Искакова жерлестерін құттықтап, ізгі тілегін білдірді.


Марапаттау рәсімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2023 22:10

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі


Қызылорда облысының құрметті азаматы, "Парасат", "Құрмет" орденінің иегері Алмагүл Божанова өз пікірімен бөліссе, "Серпер" жастар сыйлығының иегері Айтжанова Қарлығаш Ана туралы монолог оқыды.

Кездесу соңында Нұрлыбек Машбекұлы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен "Алтын алқа" алған аналарға марапаттарын табыстады.


Марапаттау рәсімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2023 22:10

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: